Басылым

Басылым

«Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ-де ағымдағы жылдың 19 сәуір күні «Мектеп орманшылығы» акциясы барысында, «Хиуаз Доспанова атындағы №14 орта мектеп» КММ-сі, «Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназия» КММ-сі және «Ақтөбе орта мектебі» КММ-сі білім беру ұйымдарымен мекеме арасында келісім – шарт жасалып, мемлекеттік орман қоры аумағы №51 орман орамы, 12 телімінде 0,5 га аумақта жер бөлініп, бір мектепке 100 түптен, барлығы 300 түп қарағай, шаған, терек және қайың көшеттері отырғызылды.