Басылым

Басылым

Ақтөбе облысы бойынша 9 орман және жануарлар дүниесін қорғау коммуналдық мемлекеттік мекемелері бар (Ақтөбе, Үлкен-Борсық, Қарабұтақ, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Орқаш, Байғанин).

          Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы – 254,5 мың гектар, оның ішінде орман көмкерілгені – 61,3 мың гектар.

          Жыл сайын мемлекеттік орман қоры жерлерінің 500 гектардан аса алқабы орманмен көмкерілген жерге аударылып келеді. 2024 жылы 847 гектар орманмен көмкерілген алқапқа аударылды, ал ағымдағы жылы 800 гектардан аса жер көлемін орманмен көмкерілген алқапқа аудару жоспарлануда.

           Кешенді жоспарға сәйкес 5 жыл ішінде Ақтөбе облысының әкімдігі мемлекеттік орман қоры жерлеріне 30744 гектар жерге 60,2 млн ағаш отырғызуды жоспарлаған.

2021 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 1214 га алаңға 2,36 млн дана екпе материалдары отырғызылды.

2022 жылы 5821,2 га алқапқа 11,12 млн дана орман екпелері отырғызылды.

2023 жылы 6089 га алқапқа 10,93 млн дана орман екпелері отырғызылды.

2024 жылы 3065 га алқапқа  5,1 млн дана орман екпелері отырғызылды.

Ағымдағы жылы 8624,25 гектар алқапқа  16,7 млн дана орман екпелерін отырғызу жоспарлануда.

           Қазіргі таңда облысымыз бойынша 7 мемлекеттік орман тәлімбағы (230 га) бар, қосымша 3 тәлімбақ (90 га) ашу жоспарлануда. Орман мекемелері тәлімбақтарында 15 млн.түп екпе материалдар өсірілуде. Тәлімбақтар облысымызды көгалдандыруға жылма-жыл керек ететін екпе материалдармен қамтамасыз етуге дайын.

             2024 жылы «Таза Қазақстан» акциясы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Акция аясында 418 643 тұрғын, 7 689 мекеме мен кәсіпорын қатысты, шара барысында 105 845 аула (2 923 көппәтерлі тұрғын үй 102 922  жеке тұрғын үй) жиналып, 1 481 әлеуметтік нысандар қамтылды.

Сондай-ақ, 291 саябақ пен сквер ретке келтірілді. Елді мекендер аумағында 356 111  ағаш және 6 415 бұта отырғызылды.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда «Қазхром» ТҰК АҚ өз қаражаты есебінен қалада 3000 көшет отырғызылды. Жалпы екі жазғы суаруға және күтімге 68 млн. теңге қарастырылған.

Анықтама үшін: Жалпы 2022 жылдан бастап 35 000 ағаш отырғызылды. Алдағы уақытта, 2025-2026 жылдары «Қазхром ТҰК» АҚ-мен қала мен Ақтөбе ферроқорытпа зауытының еркін экономикалық аймағында 2000-3000 дана көшеттерді отырғызу және көгалдандыру жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр.

Жалпы қоқыстан 207 су объектілерінің жағаулары (өзендер, көлдер, бұлақтар), 44 бірлік жасанды су айдындары, 93 920 метр арықтар тазартылды.

Бағдарлама аясында батырлар мен белгілі тарихи тұлғаларға арналған 259 ескерткіштердің айналасындағы аумақтар қамтылды.

Аумақтарды жинау үшін 6 203 бірлік техника тартылып, қатты тұрмыстық қалдық полигондарына 74 270 тонна қалдық шығарылды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша облыс аумағында тиісті ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізілді. Республикалық газет пен жергілікті баспасөз беттерінде 206 және ақпараттық порталдарда 88 материал, республикалық телеарналар эфирінде 157 сюжет жарияланды.

Бағдарламаны көпшілікке насихаттау мақсатында  56 сыртқы жарнама құралдары орналастырылды (лэд-экрандарда, билбордтарда, медиабордтарда).

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» платформасында бүгінгі күні 22 өтініш түсті, 7 өтініш орындалды, 2 өтініш жойылды, қалған 13 өтініш орындалуда.