Құрметті операторлар!

Құрметті операторлар!

       

             Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 110-бабына және «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалары) сәйкес ІІІ санаттағы объектілерде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар (бұдан әрі – декларант) назарына «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсынуға міндетті.

            Сондай-ақ, 418 бабының 9 тармақшасына сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген және осы баптың 3-тармағына сәйкес осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап III санаттағы объектілерге жатқызылған объектілердің операторлары 2021 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсынуға міндетті.

             Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны қағаз немесе электрондық нысанда беріледі. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінен хабарламаларды www.elicense.kz порталға енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.