ҚТҚ бойынша

ҚТҚ бойынша

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 337-бабына және «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалары) сәйкес қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасу, қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) құрту жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) қызметтің бастау немесе тоқтатау туралы хабарлама беруге міндетті. Хабарлама берместен жоғарыда көрсетілген қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

Кодекстің 337-бабының 2-тармағына сәйкес Министрлік Қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірледі, олар Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрідің м.а. 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 380 бұйрығымен бекітілген (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Хабарлама Қағидаларда көзделген нысанға сәйкес беріледі (өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2021 жылғы 30 шілдедегі № 75 бұйрығымен енгізілді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Сондай-ақ, Қағидаларда сәйкес хабарлама қағаз немесе электрондық нысанда беріледі. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінен хабарламаларды www.elicense.kz порталға енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.