Құрметті операторлар!!!

Құрметті операторлар!!!

Құрметті операторлар!!!

         Сіздерге "құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11–бабының 3-тармағына сәйкес 02.01.2021 жылғы жаңа экологиялық кодекске, сондай-ақ ҚР Әділет министрлігінің ресми түсіндірулеріне байланысты, егер нормативтік актінің өзінде оның қандай да бір құқық нормасы қосымша нормативтік құқықтық акт негізінде қолданылатыны көрсетілсе, онда бұл норма Негізгі және қосымша нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қолданылатынын хабарлаймыз.

         Қосымша нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін тиісті қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер қолданылады.

Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының 2021 жылғы Экологиялық кодексі негізгі нормативтік құқықтық акт болып табылады, жоғарыда көрсетілген кодексті іске асыруда қабылданған заңға тәуелді құқықтық актілер қосымша құқықтық актілер болып табылады.

         Сонымен қатар, 09.08.2021 ж. №317 "жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асырылатын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі ағымдағы жылдың 04 қыркүйегінде күшіне енгенін қосымша хабарлаймыз.

         "Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны, сондай-ақ әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарын беру және оларды толтыру тәртібі" ережесі 09.08.2021 ж. №319 болып бекітілді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң күшіне енеді. Ресми жарияланымы-ағымдағы жылдың 11 тамызы.

         Жоғарыда айтылғандарға байланысты құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес тапсыру қажет.