Хабараландыру

Хабараландыру

«World Cleanup day 2021»/«Birge – taza   Qazaqstan»  экологиялық науқанының өткізілуі бойынша

 

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен Республика аумағында «World Cleanup day 2021»/«Birge – taza   Qazaqstan» экологиялық науқаны өткізілуде.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде білім саласындағы (мектеп, жоғарғы және орта оқу орындарын) жастарды және еріктілерді, үкіметтік емес ұйымдарды, мекемелерді тарта отырып, «World Cleanup day 2021»/«Birge – taza   Qazaqstan» экологиялық науқанын ұйымдастырылуда.

Бұл күні акция әлемнің 150 елінде өтеді және оған 380 млн. астам адам қатысады.

Қазақстанның Дүниежүзілік «World Cleanup day 2021» акциясына қатысуы Қазақстанды жаһандық әлемдік экологиялық акцияға қатысушы ретінде, «Жасыл» экономика қағидатын іске асыратын және 2030 тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді іске асыратын ел ретінде танытуға мүмкіндік береді.

Біздің ортақ міндетіміз – туған өлкеміздің сұлулығын тазалық пен тұтастықта сақтау, азаматтарды өз ауласын, көшесін, ауылын, қаласын таза ұстауға шақыру, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Табиғат-таза, жайлы және жарық болуы керек біздің үйіміз. Өйткені, тек бірге және бірге ғана біз өз өңірімізді одан да жақсарта аламыз!