ҚҰРМЕТТІ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!!!

ҚҰРМЕТТІ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!!!

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ жаңа Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) күшіне енуіне байланысты меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында қоршаған ортаға теріс әсер ететін объекті бар барлық жеке немесе заңды тұлғаларды (бұдан әрі – Объект операторы) Кодекстің 418-бабына сәйкес өтпелі ережелер туралы хабардар етеміз.

2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілердің немесе 2021 жылғы 1 шілдеге дейін өздеріне қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындылары берілген, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес арнайы табиғат пайдалану субъектілері болып танылған, пайдалануға берілмеген объектілердің операторлары тиісті объектілерді осы Кодекстің ережелеріне сәйкес І, ІІ, III және IV санаттарға жатқызу мақсатында 2021 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге міндетті.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш электрондық нысанда беріледі.

Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын анықтау жөніндегі нұсқаулық жобасымен  ttps://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/128041?lang=kk сайтында танысуға болады

БЭК жұмысы бойынша (бірыңғай экологиялық портал) 2021 жылғы                 28 маусымда сағат 15:00-де ZOOM плотформасы арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

ZOOM конференциясына қосылу

https://us04web.zoom.us/j/2538101026?pwd=WXlBVnlXb2F0RTg0cGhHV002OFRjdz09

Конференция идентификаторы: 253 810 1026

Кіру коды: 0ShUiN