Заседание рабочей группы по вопросам улучшения гидрологического режима рек на территории области под председательством заместителя акима Актюбинской области Е. Кенжеханулы

Заседание рабочей группы  по вопросам улучшения гидрологического режима рек на территории области под председательством заместителя акима Актюбинской области Е. Кенжеханулы

Бүгін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлының төрағалығымен "Өңірдегі экологиялық ахуалға егжей-тегжейлі талдау жүргізу жөніндегі" жұмыс тобының кеңесі өтті. Кеңесте облыс аумағындағы өзендердің гидрологиялық режимін жақсарту мәселесі қаралды.

      Облыс әкімінің орынбасары Табиғи ресурстар басқармасына, аудандардың жергілікті атқарушы органдарына және уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар берді:

  • коммуналдық меншікті ГТҚ-ды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізу;
  • коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылғыларды сенімгерлік басқаруға беру;
  • өзендер бойында заңсыз салынған гидротехникалық құрылғылар мен басқа да құрылыстардың бар-жоғына тексеру жүргізу;
  • гидрологиялық режимге теріс әсер ететін кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының болуына зерттеу жүргізу;
  • арнайы суару алаңдарында мал суаруды ұйымдастыру;
  • таза су айдындары және жағалаулар акциясын ұйымдастыру.

      Сондай-ақ, осы жылы гидрологиялық режимді зерттеу, Ойыл өзені бассейнінің ағынын ұлғайтуға бағытталған су қорғау іс-шараларын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

      Кеңес қорытындысы бойынша "Облыстың экологиялық жағдайын жақсарту, шаруашылық қызметті және экономика салаларын жерүсті су ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында жерүсті су көздерін сақтау, ұлғайту жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын" әзірлеу қажеттілігі туралы шешім қабылданды.