Облыстың балық шаруашылығын дамытудың бағдарламасы бойынша табиғат пайдаланушылармен және аудан әкімдіктерімен селекторлық кеңес

Облыстың балық шаруашылығын дамытудың бағдарламасы бойынша табиғат пайдаланушылармен және аудан әкімдіктерімен селекторлық кеңес

Ағымдағы жылдың 17 наурызда облыс әкімі орынбасарының Е.Кенжеханұлының төрағалығымен облыстың балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша табиғат пайдаланушылармен және аудан әкімдіктерімен селекторлық кеңес өткізілді.
​Кеңесте мен "Ақтөбе облысының балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы" баяндама жасадым. Сондай-ақ, Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары "Балық шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары" бойынша, "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС БҚФ директоры "Ақтөбе облысында балық шаруашылығын (акваөсіру) дамыту әлеуеті" тақырыбы бойынша баяндама жасады.
Бағдарламаға сәйкес аквакультура өндірісі жабық құрылғыда (Мұрагер-22 ЖШС 6000 тн.), шарбақта балық өсіру (8 шарбақ шаруашлығы – 3420 тн.), көл-тауарлы балық шаруашлығы су айдындарында (34 су айдыны – 450,6 тн) және тоғанда (Ардағым ШҚ – 480 тн) балық шаруашылығын дамытуға бағытталатын болады.
"Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Батыс Қазақстан филиалының қызметкерлері облыстың балық шаруашылығы су айдындарына зерттеу жүргізді, оның қорытындысы бойынша көл-тауарлы балық шаруашылығы және шарбақты балық шаруашылықтарға арналған су айдындарының жобалық көлемі анықталды.
Жобалық көлемдер негізінде Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының тауарлы балық өндіру көлемінің көрсеткіштері айқындалды.
Сонымен қатар, балық азығы қажеттілігіне жұмсалатын шығындардың 30% - ын өтеу бойынша және балық өсіру материалын, дәрілік препараттарды сатып алуға, аналық табынды сатып алуға және күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындардың 50% - ы мөлшерінде субсидиялау көзделген.
Жергілікті атқарушы орган тарапынан осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін гидротехникалық құрылғыларды сенімгерлік басқаруға беру, жеке сектордың малдарын суару, шаруа қожалықтарының малдарын суару орындарын бекіту арқылы, жер асты су көздерін пайдалана отырып суару орындарын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар және "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Батыс Қазақстан филиалында оқыту семинарлары ұйымдастырылатын болады.

Қазіргі уақытта заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді, балық өсіру шаруашылықтарын су қорғау белдеуіне орналастыру бойынша шектеулер алынып тасталды, жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде балық өсіру шаруашылықтарын салу кезіндегі шығындарды өтеуден босатылды, балық өсіруді жүргізу үшін шарттар жасасу мерзімі белгіленді.
Бұдан басқа, ағымдағы жылы Балық өсіру шаруашылықтарының құрылысын жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуден және мемлекеттік экспертиза өткізуден босатып, Балық өсіретін тоғандарды аудандық әкімдікпен келісілген тек эскиздік жобаға сәйкес орналастырылатын болады.
Осы түзетулердің барлығы балық өсіру кезінде табиғи артықшылықтарды тиімді пайдалануға, балық өсіру шаруашылықтарын салу кезінде шығындарды азайтуға және өзіндік құнын төмендетуге, сондай-ақ балық өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.