Орман шаруашылығын дамыту тақырыбында кеңес

Орман шаруашылығын дамыту тақырыбында кеңес

Үстіміздегі жылдың 17 наурызында облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлының төрағалығымен орман шаруашылығын дамыту, елді мекендерге жасыл аймақтар құру, ағаш отырғызу тақырыбында кеңес өткізілді.

Кеңесте орман шаруашылығы мекемелері басшыларының баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, басшылық оларға ағымдағы жылы көктемде жоспарланған орман отырғызу жұмыстарының уақытылы әрі сапалы жүргізілуін ұйымдастыру, ормандарды орман-дала өрттерінен, орман зиянкестерінен, ормандағы заң бұзушылықтан қорғау шараларын күшейту бойынша тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдіктеріне елді мекендерді көгалдандыру шараларына дендрологиялық жоспар әзірлеу жұмыстарын аяқтау, кешенді жоспармен бекітілген жасыл аймақтар құру және көшет отырғызу шараларын уақытылы жүргізу қажеттілігі тапсырылды.