Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы және Жайық-Каспий бассейндік кеңесінің төрағасы Азидуллин Ғалидолла Азидоллаұлының төрағалығымен онлайн-конференция

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы және Жайық-Каспий бассейндік кеңесінің төрағасы Азидуллин Ғалидолла Азидоллаұлының төрағалығымен онлайн-конференция

            Ағымдағы жылдың 25 маусымда Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратында және Zoom платформасы арқылы онлайн форматта Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлының және Жайық-Каспий бассейндік кеңесінің төрағасы Азидуллин Ғалидолла Азидоллаұлының төрағалығымен онлайн-конференция өтті.

Конференция барысында су қорларын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау мен су бұру салаларындағы өзекті мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, бассейндік келісімге қатысушылар үшін ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мәселелері талқыланды.

Жайық-Каспий бассейндік кеңесі су ресурстарын басқару саласындағы консультациялық-кеңесші орган ретінде өз қызметін жүзеге асырады. Кеңес жұмысына Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының өкілдері қатысты.