
Қазақстан Республикасы Су ресурстары министрлігінің «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы аясында өңір аумағындағы бұлақ көздерін сақтау, қаптаждау (қалпына келтіру) және абаттандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Экологиялық акция аясында Алға ауданы «Маржанбұлақ» бұлағында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліп, бұлақ маңындағы аумақ тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен қатар, аумақты абаттандыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.
Аталған іс-шаралардың мақсаты – табиғи су көздерінің экологиялық жағдайын жақсарту, бұлақтарды күтіп ұстау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстарды күшейту.
Бұлақ көздерін қалпына келтіру және қаптаждау жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жалғасатын болады.