
Қазақстан Республикасы Су ресурстары министрлігінің «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы аясында өңір аумағындағы бұлақ көздерін сақтау, қаптаждау (қалпына келтіру) және абаттандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы бағыттағы іс-шаралар аясында Ақтөбе қаласындағы «Ислам бұлақ» бұлағында санитарлық тазарту жұмыстары ұйымдастырылып, бұлақ маңындағы аумақ қоқыстан тазартылды және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – табиғи су көздерінің экологиялық жағдайын жақсарту, бұлақтарды күтіп ұстау мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыру.