
Ағымдағы жылдың 23 наурыз күні облыс әкімі А. Шахаровтың қатысуымен орман шаруашылығы мекемелеріне және Ақтөбе облысының гидротехникалық құрылғыларға қызмет көрсету КММ-не жаңадан алынған арнайы техникаларды табыстау іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында орман шаруашылығы мекемелерінің өртке қарсы материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2025 жылы лизинг тәртібімен сатып алынған 9 - Беларус - 1222,3 тракторы , 9 - Беларус - 920 тракторы ( барлығы 18 трактор), 19 - Jac T6 шағын орман патрульдік өрт кешені, 7 - жүк және адам тасымалдау автокөліктері табысталды.
Орман шаруашылығы мекемелерін материалдық-техникалық нығайту үшін 2025 жылы облыстық бюджеттен барлығы 494,3 млн теңге қаражат бөлінді және лизинг тәртібімен сатып алу аясында жалпы құны 2,2 млрд теңге қаражатқа арнайы техникалар сатып алынды.
Ақтөбе облысының гидротехникалық құрылғыларға қызмет көрсету КММ-не 2 – фронталды тиегіш, 1 – шынжыртабанды экскаватор, 1 – ауыр техника тасымалдайтын тіркеме (трал) табысталды.