
Ақтөбе облысының әкімі А.Шахаровтың тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 28 наурыз – 30 мамыр дейінгі аралықта Ақтөбе қаласында және аудандарда, облыстың елді мекендерінің аумағында көгалдандыруға, санитарлық тазартуға және абаттандыруға бағытталған сенбілік жұмыстарын өткізу бойынша шаралары ұйымдастырылуда.
Сенбілік жүргізу барысында жергілікті атқарушы органдармен, облыстық мекемелер жетекшілерімен, сонымен қатар меншік түріне қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және меншікті пәтер кооперативтерімен келесідей жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, Ақтөбе қаласы және аудандар бойынша үшінші сенбілік өткізілді, оған 19 127 адам қатысып, 403 техника тартылды. Сенбілік күні және таза бейсенбілікте қоқыстан 3 244 көшелер мен 377 саябақ және шағын бақтар тазартылды, 1 040 ретсіз төгілген үйінділер анықталып, одан 4 371 тонна және 3 244 көшелерден 11 920 тонна қоқыс шығарылды, 178 кіші архитектуралық объектілердің пішіні, 1 133 км. автокөлік жолдары қалпына келтірілді.
Су объектілеріне жақын орналасқан белдеулерінде 265 км. аумақта қоқыстан, кеуіп қалған тал қалдықтарынан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сенбілік өткізу бойынша облыстық және аудан деңгейінде бұқаралық ақпарат құралдарында 450 рет сюжеттер мен мақалалар жарияланды.