"Көкжиде құмдары"

"Көкжиде құмдары"

Ағымдағы жылғы 2-26 қараша аралығында "Көкжиде құмдары" объектісінің аумағында жер қойнауын пайдаланушылар қызметінің жер асты суларына көмірсутек өндіру бойынша әсер ету дәрежесін айқындау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейтін болады.
Комиссия ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиевтің бұйрығымен құрылды. Комиссия құрамына министрліктің түрлі комитеттерінің, аумақтық экология, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменттерінің, жергілікті атқарушы органдардың, Ақтөбе облысының прокуратурасының өкілдері кірді.
Ведомствоаралық комиссияның жұмысы барысында Көкжиде кен орнының жерасты суларының сынамаларына кен орны ауданында көмірсутектер өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың ведомстволық желісінің бақылау ұңғымалары бойынша оларда мұнай өнімдерінің болуына талдау жүргізілетін болады. Ведомствоаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ұсыныстар енгізілетін болады.