«Көкжиде кен орнының жер асты су қорларын қайта бағалау мақсатында жете барлау»

«Көкжиде кен орнының жер асты су қорларын қайта бағалау мақсатында жете барлау»

Ағымдағы жылғы 21 қазанда облыс әкімінің орынбасары Қ.Ә.Бекеновтың төрағалығымен «Көкжиде құмы» объектісінің қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұсынған кәсіпкерлер және құмды алқапта жұмыс істейтін мұнай өндіруші компаниялардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ, қоғам қайраткерлері мен мұнай саласының ардагерлері шақырылды.

Отырыста «Көкжиде құмы» объектісінің жер асты және жер үсті суларының жүргізілетін жұмыстары, «Көкжиде кен орнының жер асты су қорларын қайта бағалау мақсатында жете барлау» жобасын іске асыру туралы, сондай-ақ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «КМК Мұнай» АҚ, «Фирма Ада Ойл» ЖШС жер қойнауын пайдаланушылардың «Көкжиде» құмы объектісінде жұмыстар жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар етілді.

Көкжиде құмдары нысанының жер асты және жер үсті суларын сақтау бойынша жұмыстар жалғасатын болады.