
«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарамасы» ММ, Ақтөбе облысы аумағында орналасқан гидротехникалық құрылысжайларының техникалық жағдайын күтіп ұстау, жөндеу жүргізу үшін лизинг қаражаты есебінен 6 бірлік Камаз 65115-6058-50 арнайы техникасын сатып алу жоспарлануда екендігін хабарлайды.
Осыған орай, арнайы техникаларды сататын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкер саналатын жеке тұлғалардан ұсыныстар қабылданады.