Басылым

Басылым

Ағымдағы жылдың 17-18 қыркүйек күндері «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің басшысы Еспағанбетов Исатай Бауыржанұлы жұмыс сапарымен «Темір орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ-не барды.

Сапардың мақсаты – күзгі ағаш отырғызу маусымының жұмыстарына дайындық барысын тексеру.

Тексеру барысында отырғызу материалдарының сапасы мен қолжетімділігі, сондай-ақ алдағы жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері қаралды.