Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин Қарғалы ауданына жұмыс сапары

Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин Қарғалы ауданына жұмыс сапары

Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин Қарғалы ауданына жұмыс сапары барысында «Бурановский карьері»су қоймасына барды.

Бұл балық шаруашылығы су айдыны «ЭкоАгро» фермерлік шаруашылығына бекітілген. Су қоймасында тауарлық тұқы балықтарын жасанды өсіру жұмыстары белсенді жүргізілуде, соңғы 2 жылда 6,5 мың тұқы шабағы жіберілді. Жыл сайынғы тауарлық балық аулау көлемі 3 тоннадан асады. Жалпы Ақтөбе облысының аумағында 86 су қоймасы бар, оның 39-ы көл-тауарлы балық шаруашылығын жүргізуге, 27 кәсіпшілік балық аулау үшін бекітілген. Қазіргі уақытта табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көл-тауарлы балық шаруашылықтарын дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде. Көл тауарлық балық шаруашылықтың негізгі мақсаты - шикізат базасын жақсартуға бағытталған жүйелі балық өсіру мелиоративтік іс-шараларды жүргізу негізінде жоғарғы және сапалы деңгейіндегі ихтиофаунаға жету болып табылады.
Сондай-ақ осы бағытта табиғат пайдаланушыларды балық өсіру материалдарымен қамтамасыз ету және кәсіпкерлік су объектілерін балық жемшөбін дайындау бойынша тарту үшін балық питомниктерін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.