Аңшылық

Аңшылық

  Ақтөбе облысының аумағында 49 аңшылық шаруашылығы бар, олардың 35-і табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген (14-ін а.ж. қыркүйегінде бекіту жоспарлануда, оның ішінде 7-уі жаңа шаруашылық).
   Аңшылық шаруашылықтар аңшылық жануарларды кешенді және тұрақты пайдалануға, оларды қорғау мен молықтыруға, сондай-ақ аңшылық алқаптарын сақтауға және жақсартуға мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда, аңшылық шаруашылықтарын бекіту және дамыту жөніндегі іс-шаралар браконьерліктің жолын кесу мен жабайы жануарлардың популяциясын реттеуге, сақтауға тиімді әсер етеді.
Аң аулау объектілерінің негізгі түрлері:
Доңыз, елік, түлкі, қарсақ, суыр, қоян, борсық, үйрек, қаз, құмсалғыш, құр, кекірік.
   А. ж. қыркүйек айының бірінші сенбісінен бастап а.ж. 30 қарашасына дейін құстарды аулау маусымы ашылды (қаз, үйрек, қасқа, құр). Сондай-ақ, қыркүйектің 1 сенбісінен 31 желтоқсанға дейін доңызды аулаудың маусымы ашық.
   Сонымен бірге аң аулау барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген аң аулау ережесінің талаптары міндетті түрде сақталуы тиіс және аң аулау міндетті түрде аңшылық шаруашылықтардың аумағында жүргізілуге тиіс екенін хабарлайды.