«NeoKitap: Жаңа буын. Жаңакөзқарас» фестивалі

«NeoKitap: Жаңа буын. Жаңакөзқарас» фестивалі

Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күніне орай «NeoKitap: Жаңа буын. Жаңакөзқарас» фестивалі өтті.

Қазіргі жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруды, жастардың креативті ойлау еркіндігін өсіру, шығармашылық бастамалармен, жаңа буын авторларын қолдау және заманауи қазақ әдебиетінің даму бағыттарын насихаттауды мақсат еткен фестивальде жастар үшін кітап көрмелері, жәрмеңкелері мен суретке түсу алаңы ұйымдастырылды.

Фестиваль аясында бірнеше бағытта мазмұнды іс-шаралар өтті. Соның ішінде ерекше ықыласқа ие болғаны — Поэзия алаңы. Бұл алаңда жастар  өлең оқып, жүректерінен шыққан жыр жолдарын көпшілікпен бөлісті. Шараға қатысқан ақтөбелік белсенді жастар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар, фестиваль аясында жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған қызықты ойындар мен интерактивті тапсырмалар ұйымдастырылды. Жасанды интеллект арқылы жасалған суреттерден белгілі ақындар мен жазушыларды тану ойыны ерекше қызығушылық тудырды.

Фестивальге 150-ге тарта жас қатысты.