Шетелдік студенттерге арналған түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Шетелдік студенттерге арналған түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде оқитын шетелдік студенттерге «Шетелдік студенттер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында жастарға Қазақстанның заңнамасы, көші-қон ережелері және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттар берілді.

Айта кетерлігі, кездесуге Ақтөбе облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі, Ақтөбе облысының Полиция Департаменті көші-қон қызметі басқармасының маманы, Полиция Департаментінің киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасының қызметкері, сондай-ақ комплаенс-офицері қатысты.

Аталған кездесулер өз жалғасын тауып, жастардың құқықтық білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ олардың елімізде заң аясында әрі қауіпсіз өмір сүруіне ықпал ететін маңызды шаралар болып қала бермек.