ВСТРЕЧА ПО ПРОФИЛАКТИКЕ ИГРОВОЙ ЗАВИСИМОСТИ

ВСТРЕЧА ПО ПРОФИЛАКТИКЕ ИГРОВОЙ ЗАВИСИМОСТИ

Ақтөбе сервис колледжінде жастар арасында лудоманияның алдын алу, құмар ойындардың кері әсері туралы түсіндіру және жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық кездесу өтті.

Кездесу барысында жастарға құмар ойындарға тәуелділіктің салдары, оның жеке тұлғаға, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы маңызды ақпараттар айтылды. Сонымен қатар қаржылық қауіпсіздік және жауапты шешім қабылдау мәселелері талқыланды.

🔹 Кездесуге спикер ретінде Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқармасының басшысы Бисенбин Жадан Амирханович қатысып, лудоманияның алдын алу және құмар ойындарға тәуелділіктің құқықтық әрі әлеуметтік салдары жөнінде түсіндірме берді.

🔹 Жоба амбассадоры Асанұлы Жоламан жастармен ашық форматта пікір алмасып, лудоманияның алдын алу бағытында өз ойлары мен пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Іс-шара жастардың саналы таңдау жасауына, құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.

📌 Іс-шара Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.