Қала көшелерінде түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Қала көшелерінде түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Рейдтің негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүруінің алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтардың профилактикасы.

Облыстық жастар ресурстық орталығы, Ақтөбе қаласының полиция басқармасы қызметкерлері, «Жас сақшы» ҚБ, «Бес кесел» және «Заң және қоғам» ҚБ мүшелері 17 сәуір күні қала аумағындағы қоғамдық орындарды тексеріп, жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізді.

Мұндай рейдтер жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында тұрақты түрде жалғасатын болады.