Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы ағымдағы жылдың 9 сәуір күні Қарғалы ауданына жұмыс сапарымен барды.

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы ағымдағы жылдың 9 сәуір күні Қарғалы ауданына жұмыс сапарымен барды.

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ә.Тұралиев Қарғалы ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған бірқатар нысандардың, атап айтқанда, спорттық-сауықтыру кешені мен аудандық өнер мектебіне барып, олардың материалдық-техникалық базасы мен жастарға ұсынылатын мүмкіндіктері, жұмыс барысымен танысты. Айта кету қажет, Қарғалы ауданы – облыс бойынша өнер мектебі бар жалғыз аудан.

Жұмыс сапарымның келесі кезегінде аудан әкімімен бірге мәдениет үйінде белсенді жастармен кездесу өткізілді. Кездесу «Open Talks» форматында өтіп, жастар өз ұсыныстары мен өзекті мәселелерін ортаға салды.

Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында аудан әкімі және белсенді жастармен бірге экологиялық акция ұйымдастырылды. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға және жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.