“Ғылым”, “Мәдениет”, “Ақпараттық технологиялар”, “Бизнес”, “Медиа”, “Волонтерлік” бағыттары бойынша барлығы 20 жеңімпазға 1 300 000 теңге грант беріледі.
«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
Байқауға Ақтөбе облысының 18-34 жас аралығындағы үміткерлер өтінім бере алады.
Конкурстық өтінімдер 2025 жылдың 20 қазан - 3 қараша аралығында қабылданады.
Толығырақ: 8 747 566 39 58