Ақтөбеде волонтерлерге арналған облыстық фронт-офис ашылды

Ақтөбеде волонтерлерге арналған облыстық фронт-офис ашылды

Өңірдегі барлық волонтерлер үшін жаңа мүмкіндік пен ынтымақтастық алаңы пайда болды. Бұл кеңсе — жаңа идеялар мен жобалар тоғысатын, волонтерлік қозғалысты жүйелі дамытуға бағытталған маңызды қадам.

Фронт-офис еріктілерге ақпараттық-кеңестік қолдау көрсетіп, жобалық кездесулер, оқыту бағдарламалары мен түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Ашылу рәсіміне үкіметтік емес ұйым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары,белсенді волонтерлер мен жастар ұйымдарының мүшелері қатысты. Қатысушылар кеңсенің мүмкіндіктерімен танысып, өңірдегі еріктілік бағытындағы жұмыстар мен оның келешегі туралы ой бөлісті.

Жаңа кеңсенің ашылуы – Ақтөбе жастарының азаматтық белсенділігін арттырып, еріктілер қозғалысын жүйелі дамытуға бағытталған нақты қадам.