20 маусым күні Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай “Жасыл ел” жастар еңбек жасақтарының сарбаздары арасында «Jasyl El Cup – 2025» футбол турнирі өтті.
Турнирдің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және “Жасыл ел” еңбек жасақтары сарбаздарының жұмыстан тыс уақыттағы белсенділігін арттыру.
Шараға Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Жәнібекұлы Тұралиев және “Атамекен” студенттік отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы Нұржан Құрманғалиұлы Шангитбаев қатысып, барлық командаларға сәттілік тіледі. Турнир соңында жеңімпаздарға арнайы кубоктар мен медальдар табысталды.
Жүлделі орындар иегерлері:
1-орын — “West Side” командасы
2-орын — “1465” командасы
3-орын — "Alpha Force 01 (A.F.01)” командасы
Арнайы номинациялар:
•Үздік ойыншы — Айдос Сәт
•Үздік қақпашы — Әбдішүкір Жақсымұрат
•Үздік шабуылшы — Қадыров Нұрәлі
•Үздік қорғаушы — Жанаев Нұрпейіс
Қатысқан командалар:
FC 1465, FC ДЕМБЕЛЬ, FC WEST SIDE, FC ALPHA FORCE 01 (A.F.01), FC ЭЛЬМИРА, FC SFC, FC НОМАД, FC JASYLV, FC ӨТЕС, FC СПОРТИНГ
Жастардың белсенділігі мен бірлігі – ел дамуының басты күші.Осындай игі бастамалар арқылы ұрпақ тәрбиесіне, саламатты өмір салтына және қоғамдық белсенділікке жол ашамыз.
Жастар – бүгінгі тірек, ертеңгі үміт!