
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Түйетөбе тарихи-мемориалдық кешенінде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – өткен тарихымызды құрметтеу, жастардың патриоттық рухын арттыру және қасиетті орындарды таза ұстау арқылы құрбандар рухына тағзым ету.
Тазалық жұмыстарына Облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары, «Жастар рухы» ЖҚ жастары, волонтерлер мен белсенді жастар қатысты. Олар ескерткіш аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналаны қоқыстан тазартты.
Шара барысында қатысушылар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдарында жазықсыз жапа шеккен азаматтардың рухына тағзым етті.
Бұл шара – жас ұрпақтың өткенге тағзымын, тарихқа деген құрметін білдіретін маңызды қадам.