Президенттік жастар кадр резерві: Ақтөбеде жастармен ашық кездесу өтті

Президенттік жастар кадр резерві: Ақтөбеде жастармен ашық кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 29 мамырында Ақтөбе қаласында Президенттік жастар кадр резерві жайлы ақпарат беру және жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Айбек Ақбергенұлы Шілманов қатысып, қатысушыларға Президенттік жастар кадр резервінің негізгі бағыттары, іріктеу кезеңдері мен талаптары туралы кеңінен баяндады.

Кездесу барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала маманынан нақты әрі жан-жақты жауаптар алды. Жиын бейресми әрі еркін форматта өтіп, ашық диалогқа негізделді.

Мұндай кездесулер — тек ақпарат алмасу ғана емес, сонымен қатар жастарды ел дамуына үлес қосуға ынталандыратын маңызды алаң. Президенттік жастар кадр резерві жастардың мемлекеттік басқару саласына араласуына жол ашып, кәсіби өсімге нақты мүмкіндік береді.