23 мамыр күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаровтың қатысуымен «Жастар.Еңбек.Болашақ» атты диалогтік алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Жасыл ел» бағдарламасының XXI еңбек маусымының Республикалық ашылу салтанатына келген еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастар және сала мамандары қатысты. Кездесу барысында еңбек маусымының маңыздылығы, жастардың еңбекке тартылуы және олардың болашағын қалыптастыру жолдары талқыланды.
Диалогтік алаң ашық форматта өтіп, жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, комитет төрағасымен еркін пікір алмасты.