Жастар және мамандық

Жастар және мамандық

«Жастар және мамандықты таңдау» жобасы

Кәсіптік бағдарлау – бұл жастарға мамандық таңдаудағы қабілеттері мен бейімділіктерін, кәсіби және танымдық қызығушылықтарын анықтауға және дамытуға, сондай-ақ нарық жағдайында еңбекке деген қажеттілік пен дайындықты қалыптастыруға бағытталған жүйе.

Болашақ мамандықты таңдау оқушы үшін маңызды және қиын міндет. Бұл шешім оның болашағын анықтайды.

Осы орайда, облыстық жастар ресурстық орталығы «Жастар және мамандықты таңдау» жобасын бастайды. Жоба аясында жастар Ақтөбе өңіріндегі кәсіпорындар туралы ақпарат алады. Соның бірі – Ақтөбе қаласындағы индустриялық аймақ.

2015-2019 жылдары үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облысында индустриялық аймақ құрылды. Қазіргі кезде аймақ қарқынды дамып келе жатыр.