Параспротшы Жігер Кенжеғалиев «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығын алды.

Параспротшы Жігер Кенжеғалиев «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығын алды.

Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiнiң басшысы Аида Балаева және Қазақстан Республикасы Сенат төрағасы Маулен Ашимов ақтөбелiк талапты жас мүгедек спортшы және волонтер Жигер Кенжегалиевке «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығын тапсырды!

Кенжегалиев Жигер "Д.А.Р." волонтерлар клубының @aktobe_volunteerclub_dar мүшесi, 3-топтағы мүгедектігі бар азамат. Параспортшылар арасындағы жеңіл атлетика және парапауэрлифтинг спорты бойынша республикалық додалардың жүлдегері. ҚР спорт шеберлігіне үміткер.

Жигердің волонтер қатарында жүргеніне бес жылдан асты. Мүгедек адамдарға қамқорлық көрсету бағытындағы еріктілік қызметте үздік волонтерлардың бірі деп есептейміз.

Жигер - өз ойын ашық білдіретін, креативті ойлай алатын дарынды жас.

  • "Жаспроджект" жобасы аясында ашқан "Чемпион GYM" әлеуметтік жаттығу залында 10 ай бойына тұрақты түрде мүгедек жастарды пара пауэрлифтинг бойынша ерікті түрде дайындады.
  • Жигер дизайнерлік бағытта "Мен-дизайнер" әлеуметтік жобасында мұғалім-волонтер қызметін атқарып, мүгедек азаматтарға сабақ берді.
  • Сонымен қатар республикалық "Жеңіс" бағдарламасы бойынша республикалық конкурс жеңімпазы. Оны ардагер ата-әжелер өте жақсы таниды.
  • Қайырымдылық бағыттағы қызметте де белсенді.
  • Әлеуметтік волонтерлықта қарттар мен мүгедек адамдарға қолдау көрсетуде үздік қызмет көрсетті.
  • "Қолжетімді Қазақстан" жобасының волонтеры.
  • 2020 жылы каронавирусқа қарсы күреске бел шешіп араласқан батыл волонтер.

Кенжегалиев Жигер кәсіби түрде волонтерлық туралы ақпарат бере алатын жетекші еріктілер қатарында.

Бүгін спортшыны әуежайдан жақындары мен әріптестері, бір топ еріктілер қарсы алды.