Облыстағы үздік волонтерлар марапатталды!

Облыстағы үздік волонтерлар марапатталды!

Волонтерлар – қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін елдің шынайы патриоттары. Біреуге қол ұшын беріп, қолдау көрсету, көмек қолын созу – жүрек қалауы.

Бүгін жылдың басты шарасы "Жыл волонтеры-2020" жастар сыйлығының қортындылау кеші өтті. Үздіктер Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин табыстаған марапатқа ие болды. Осы жылы өңіріміздегі еріктіліктің фронт-офисінде маңызды бастамалар көтерілді. Еріктілер жылын қорытындылап, марапат ұсынудағы басты мақсат жастардың волонтерлық қызметтегі тәжірибесі мен еңбектеріне қолдау білдіру, облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғам өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан жас волонтерлардың мерейін асыру.