«Волонтер жылының» салтанатты жабылуы

«Волонтер жылының» салтанатты жабылуы

 2020 жылдың 8 желтоқсанында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың және барлық өңірлерден волонтер жастардың қатысуымен «QazExpoCongress» павильонында онлайн конференция байланыс арқылы «Волонтер жылының» ресми жабылу салтанаты өткізіледі.

Аталмыш шараға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин және жас волонтерлар қатысты. Онда Ағымдағы жылы волонтерлік қозғалыстың еліміздің ажырамас бөлігіндей сіңісіп, күнделікті өмірдің бір бөлігі ретінінде қалыптасқаны  және қиын-қыстау заманда халқымыздың бір жұдырықтай жұмылуына үлкен үлесі айтылды.

Сонымен қатар, «Волонтер жылының» жабылу шарасында «Салауатты өмір салтын насихаттауда белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша жерлесіміз   Оразгалиев Аслан Халықаралық «Жыл Волонтеры» сыйлығына ие болды.

         Жалпы, Ақтөбе облысы бойынша ағымдағы жылы Волонтерлық қызметті қолдау және дамыту бойынша 578 шара өткізіліп, 18081 жас қамтылды.

Төтенше жағдай режимі кезінде #Бізбіргеміз акциясы аясында  барлығы 374 шара  ұйымдастырылып, 21 019 көмек көрсетілді, оның ішінде 4356 аз қамтылған көпбалалы отбасылар азық-түлікпен қамтамасыз етілді, сондай-ақ, үй жағдайында ем қабылдайтын ардагерлер мен қарттар тұратын 169 үйге жергілікті емханалардан дәрі-дәрмектер жеткізілді. Сонымен қатар, 16 494 адамға медициналық маскалар таратылды.