Ақтөбе облысының делегациясы тәжірибе алмасу үшін Түркістан облысына барды

Ақтөбе облысының делегациясы тәжірибе алмасу үшін Түркістан облысына барды

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың тапсырмасына сәйкес, өңірге инвестиция тарту және өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, өзге аймақтардың тәжірибесін зерделеу мақсатында ақтөбелік делегация Түркістан облысына арнайы іссапармен барды.

Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов бастаған делегация 13–14 мамыр күндері «TURKISTAN» ӘКК» АҚ Шағын өндірістік аймағының, «TURKISTAN INVEST» инвестиция тарту және экспортты дамыту жөніндегі аймақтық агенттігі» ЖШС-нің, «TURAN» арнайы экономикалық аймағы мен «Бадам» индустриялық аймағында орналасқан зауыттардың жұмысымен танысты. Делегация өндірісті дамыту және инвестиция көлемін арттыруға бағытталған бірегей жобалардың жүзеге асырылу барысындағы оң тәжірибемен бөлісті.

Сонымен қатар, қос өңір арасында экономикалық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және бизнес байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды. Тәжірибе алмасу алаңы ретінде бұл сапар екі жақ үшін де тиімді болды.