Білім күні Шұбарқұдықта Ж. Кереев атындағы жаңа мектеп ашылды

Білім күні Шұбарқұдықта Ж. Кереев атындағы жаңа мектеп ашылды

Білім күні Темір ауданының Шұбарқұдық ауылында Ж. Кереев атындағы жаңа мектеп өз жұмысын бастады.

600 оқушыға арналған заманауи білім ордасында сапалы білім алуға барлық қажетті жағдай жасалған.

Мектепте 22 оқу кабинеті, екі спорт залы және акт залы жабдықталған. Сонымен қатар информатика және IT кабинеттері, пәндік кабинеттер, зертханалар, зерттеу және практикалық сабақтарға арналған мамандандырылған кеңістіктер бар.

«Келешек мектептері» жобасының талаптарына сәйкес оқушылардың цифрлық сауаттылығын, STEM бағыттары мен робототехниканы дамытуға қажетті мүмкіндіктер қарастырылған.

Жаңа мектепте мектепалды даярлық сыныптары, кітапхана, медициналық кабинет, ойын және демалыс аймақтары да жұмыс істейді. Оқушылардың тамақтануы үшін 180 орындық асхана жабдықталған.