
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарғалы аудандық ветеринариялық стансасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Ұйымның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; ұйымның мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді; ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады; ұйымның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорлары, өнім берушілер, тапсырыс берушілер, кредиторлар, оның ішінде банктер алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттарының), индикативтік жоспарлар мен бизнес-жоспарлар көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді; заманауи техника мен озық технологияларды, басқарудың және еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын пайдалану негізінде ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін ұйымдастырады; ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз етуге, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалануға және дамытуға бағытталған шараларды қабылдайды; ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешеді; ұйымның штат кестесін, қаржылық жоспарын, жылдық есебін және жылдық бухгалтерлік балансын бекітеді; қызметкерлерге жалақының уақтылы әрі толық көлемде төленуін қамтамасыз етеді; ұйымның ұйымдастырушылық-басқару құрылымын, жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіреді; ұйым қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді; ұйымның мүліктік мүдделерін сотта, төрелікте және мемлекеттік органдарда қорғайды; ұйым қызметкерлерінің қосымша кәсіптік білім алуын (біліктілігін арттыруды, кәсіптік қайта даярлауды) ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындауын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды; қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді; жоғары тұрған орган тағайындайтын қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады; орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелер басшылары мен қызметкерлерінің міндеттерін бөледі; конференцияларға, семинарларға және көрмелерге қатысады; өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау үшін дербес жауапты болады.
Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар:
«Ветеринария» даярлау бағыты бойынша жоғары білімінің (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесінің) болуы және басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.
Білуге міндетті:
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттар, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтың ұсынымдары және өзге де құжаттар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттары конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40-үй, 632-кабинет. Анықтама телефондары: 8 (7132) 74-76-53, ұялы телефон: +7 705 472 40 89.
Конкурс өткізілетін орын: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40-үй, 630-кабинет.
Барлық қажетті құжаттар ұсынылған және үміткер белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды тапсырған тұлғаны конкурсқа қатыстыру туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі комиссия хаттамасымен бекітіледі.
Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және 5 (бес) жұмыс күн ішінде олармен әңгімелесу өткізеді.
Конкурсқа қатысуға байланысты шығындарды (әңгімелесу өтетін жерге барып-қайту жолақысы, тұрғын үйді жалдау, тұру шығындары, байланыстың барлық түрлерінің қызметтерін пайдалану шығындары) азаматтар өз қаражаты есебінен өтейді.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ конкурстық комиссиясы.