2026 жылғы 9 шілде күні Ветеринария қызметкерлері күні қарсаңында Ақтөбе облысының Ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен шағын футболдан ⚽🏃♂️дәстүрлі жарыс өтті.
🔰 2026 жылғы 9 шілде күні Ветеринария қызметкерлері күні қарсаңында Ақтөбе облысының Ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен шағын футболдан ⚽🏃♂️дәстүрлі жарыс өтті.
Жарысқа 8 команда қатысты. Атап айтқанда, Республикалық ветеринариялық зертхана, Ақтөбе облыстық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы, Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ, сондай-ақ Ақтөбе облысының аудандық ветеринариялық станцияларының командалары бақ сынады.
Аталған жарысты ветеринария саласы мамандарының өзара таныстығын нығайту, тәжірибе алмасуын дамыту және кәсіби бірлікті арттыру мақсатында жыл сайын өткізу туралы шешім қабылданды. Жарыс жеңімпазына табысталатын кубок жыл сайын ауыспалы кубок ретінде ойнатылады.
Жарыс қорытындысы бойынша:🏅🏆🏆🏆
🥉 ІІІ орынды – Байғанин аудандық ветеринариялық станциясы; 🥈ІІ орынды – Қобда аудандық ветеринариялық станциясы; 🥇 І орынды иеленіп, жарыс чемпионы атанған – Алға, Мұғалжар және Темір аудандық ветеринариялық станцияларының мамандарынан құралған құрама команда.
Сонымен қатар, жарыс барысында үздік ойын көрсеткен қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы