1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда бүгінгі таңда 6,8 млн бала тұрады.

Бүгін балалар мерекесіне орай дәстүрлі түрде түрлі мәдени және білім беру шаралары ұйымдастырылады. Бұл күні өңіріміздің түкпір-түкпірінде мәдени іс-шаралар өткізіліп, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланады, соның ішінде көрмелер, шығармашылық фестивальдер, спорттық жарыстар және т.б. ұйымдастырылады.