Кәсіпкерлерге арналған ашық сессия: бизнестің дамуына нақты қадам

Кәсіпкерлерге арналған ашық сессия: бизнестің дамуына нақты қадам

Ақтөбеде Банк ЦентрКредит филиалында шағын және орта бизнестің өкілдері үшін ашық бизнес-сессия өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты — кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау шараларын таныстыру, өңірдегі бизнестің даму мүмкіндіктерін талқылау және мемлекеттік органдармен ынтымақтастықтың басым бағыттарын анықтау.

Кездесу барысында өңірдің даму бағыттары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы қаржыландыру механизмдері таныстырылып, түсіндірілді. Сонымен қатар, жеткізу тізбегін қаржыландыруға арналған шешімдер мен бизнестің ауқымын арттыруға арналған лизинг құралдары да ұсынылды.

Кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлерді жеке қабылдап, олардың мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

«Кәсіпкерлерді қолдау және қолайлы бизнес ортаны қалыптастыру — біздің өңірдің басты басымдылығы. Мұндай кездесулер бизнестің нақты қажеттіліктерін тыңдауға және кәсіпорындардың өсуіне тиімді шешімдер іздеуге мүмкіндік береді», — деді Абзал Әбдікәрімов.