
«Табыс» коммуналдық базарында Әйтеке би, Қарғалы, Мұғалжар аудандары және Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Сауда ет өнімдерін сатуға арналған бірінші қатардағы арнайы бөлінген 11 орында ұйымдастырылды.
Қала тұрғындары мен қонақтарына ет және сүт өнімдерімен қатар «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірілген өнімдер ұсынылды.
Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы нарықтағы бағадан 10–15 пайызға төмен. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ерекше назар аударылып, олардың бағасы тұрақты бақылауда. Халық үшін негізгі азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында баға мониторингі тұрақты түрде жүргізілуде.
Айта кетейік, «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жыл соңына дейін әр сенбі сайын тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл қала тұрғындарына жергілікті өндірушілердің сапалы өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.