Ағымдағы жылдың наурыз айында "Ақтөбе облысында 2022-2026 жылдарға арналған адамдар және ауылшаруашылық жануарларына ортақ зооантропоноздық жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары туралы" кешенді жоспарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында паразиттік және зооантропоноздық аурулардың алдын алу, сондай-ақ халықтың эпидемиологиялық және эпизоотиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық,қалалық ,аудандық аумақтық инспекцияларының, Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасы өкілдерінің, ветеринариялық станса директорларының, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен обаға қарсы күрес станциясының мамандарының қатысуымен бірлескен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және оларға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар сібір жарасы, құтыру және бруцеллез аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай, олардың алдын алу шаралары, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері жөнінде тиісті ұсынымдар, тапсырмалар берілді