Орталық пен Батысты жалғайтын жаңа дәліз: Ақтөбеде ауқымды құрылыс басталады

Орталық пен Батысты жалғайтын жаңа дәліз: Ақтөбеде ауқымды құрылыс басталады

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткенаппарат мәжілісінде 2026 жылға арналған өңірдіңавтомобиль саласын дамыту мәселесі қаралды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарыбасқармасының басшысы Айбек Қайырдыңмәліметінше, өңірдегі автожолдардың 90%-ы жақсыжәне қанағаттанарлық жағдайда. Облыстағыреспубликалық маңызы бар автожолдардың жалпыұзындығы 1 875 шақырымды құрайды.

Биыл ұзындығы 28 шақырымдық «АқтөбеҚарабұтақҰлғайсын» автожолын реконструкциялау жұмыстарыжалғасады. Аталған жолдың қалған 234 шақырымбөлігінің құрылысы басталмақ. Қазіргі уақытта конкурс рәсімдері жүргізілуде.

«2026 жылы «ОрталықБатыс» жобасын «Астана – Ырғыз» учаскесінде іске асыруды бастаймыз. Дәліздіңжалпы ұзындығы 896 шақырым. Ақтөбе облысыаумағында 141 шақырым жол 154,2 млрд теңгегереконструкцияланады. Бұл жаңа көлік дәлізі Мемлекетбасшысының тапсырмасына сәйкес орталық жәнебатыс өңірлер арасында тұрақты әрі қауіпсізбайланысты қамтамасыз ету үшін салынуда», – дедіАйбек Қайыр.

Сонымен қатар ұзындығы 559 шақырымдық «Бейнеу – Сексеуіл» автожолының құрылысы басталады. Оның245 шақырымы облыс аумағында салынып, жөнделеді. Бұдан бөлек, ұзындығы 206 км құрайтын «ШалқарБозой» автожолын салу және жөндеу жоспарланыпотыр.

«ҚандыағашЕмбіШалқарЫрғыз» автожолындағы Жем өзені арқылы өтетін көпір жәнеҚауылжыр ауылы маңының 219-шақырымындағы көпірретке келтіріледі.

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Әлімбет» өткізупунктін реконструкциялау жалғасуда. Онда жаңаәкімшілік ғимарат, инспекциялық-тексеру кешені жәнебасқа да нысандар бой көтереді.

Жоспарланған шаралар жол инфрақұрылымыныңжағдайын жақсартуға және өңірдегі көлік қатынасыныңсапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Өңір басшысы Асхат Шахаров жол жұмыстарыныңсапасы мен уақытылы орындалуын қатаң бақылауды, құрылыс материалдарының, соның ішінде битумныңтұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуді, сондай-ақжолдарды диагностикалау мен паспортизациялаудыжүргізіп, автожолдардың жай-күйін есепке алу мен бақылаудың цифрлық жүйесін енгізуді тапсырды.

«Ақтөбе облысының жол саласы қарқынды дамыпкеледі, республикалық маңызы бар негізгі трассаларсалынып, қайта жаңғыртылуда. Бұл өңірлерарасындағы тұрақты көлік байланысынқалыптастырып, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруғамүмкіндік береді. Біз барлық жолдың заманауистандарттарға сай әрі жүргізушілер мен жолаушыларғақолайлы болуына ұмтыламыз», – деді әкім.