Әдеп кодексінің талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнаманың басқа да нормаларын сақтау мәселелері жөніндегі семинар-кеңес өткізілді

Әдеп кодексінің талаптарын  және мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнаманың басқа да  нормаларын сақтау мәселелері жөніндегі семинар-кеңес өткізілді
Ағымдағы жылдың 4 ақпаны күні Ақтөбе облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Омарова Р.М. «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ және «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ мамандарына мемлекеттік қызметшілердің ҚР Әдеп кодексінің талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнаманың басқа да нормаларын сақтау мәселелері жөніндегі семинар-кеңес өткізді.
Күн тәртібінде
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері;
 
2. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқықбұзушылықтарды мониторингілеу (ҚР ӘҚБтК-нің 434, 439, 440, 441, 443, 444, 446, 449, 450, 482, 490, 608, 613-баптары бойынша, қоғамдық моральға қол сұғатын құқықбұзушылықтар – ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында);
 
3. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;
 
4. ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау (іскерлік стиль, қоғамдық орындардағы мінез-құлық және т.б.);
 
5. Жұмыс уақыты регламентін сақтау;
 
6. Мемлекеттік қызметшілер арасындағы қызметтік қатынастарда қудалауды (харассмент) болдырмау шаралары (ҚР ҚК 123-бабы, 115-1 бап.Сталкинг);
 
7. Жұмыс уақыты регламентін сақтау (артық жұмыс, өтемақы)
 
8. Діни мәселелер тұрғысынан талаптарды сақтау.
 
9. «Ойын бизнесі туралы» Заңның талаптарын сақтау, құмар ойындарға қатысуға қатысты тыйымдар.
 
10. Ақпараттық қауіпсіздік.
 
11. Құжаттарды жүргізу, қызметтік құжаттарды жою. т.б. мәселелер айтылды. Жиналыс барысында хаттама толтырылып, қызметкерлерге таныстырылды.