Темір қаласында Республика күнінде жаңа спорт кешені ашылды

Темір қаласында Республика күнінде жаңа спорт кешені ашылды

Республика күні мерекесінде Темір қаласында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға аудан әкімі мен қала тұрғындары қатысты.

«Бұл кешен – тұрғындарымыздың салауатты өмір салтын ұстануына, спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беретін маңызды нысан. Біздің мақсат – жастардың бос уақытын тиімді өткізіп, дені сау, белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Республика күнінде ашылып отырған жаңа кешеннің игілігін көруге тілектеспін!» – деді әкім Алмас Жақсылықов.

Жаңа спорт нысаны бір уақытта 80-100 адамды қабылдай алады. Кешен заманауи спорт құрылғыларымен жабдықталған, мұнда 6 түрлі спорт секциясы жұмыс істейді.

Айта кетейік, мұндай инфрақұрылымдық жобалар аймақта салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға серпін бермек.