Басқарма басшысының орынбасары тағайындалды

Басқарма басшысының орынбасары тағайындалды

Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары болып Жәнібекұлы Асылбек тағайындалды.

Асылбек Жәнібекұлы 1992 жылы Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Қ.Жұбанов атындағы өңіраралық мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2016 жылы Арнайы мақсаттағы барлау полкінде бастап, «Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. 2022-2024 жылдар аралығында «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ қаржы және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді үйлестіру бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін 2021-2025 жылдар аралығында «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ-нің қаржы және мемлекеттік қызметтерді үйлестіру бөлімінің бас маманы және басшысы қызметтерін атқарған.