«Қамқорлық» орталығы былтырғы жылдың күзінде пайдалануға берілді. Бүгінде мұнда 1,5-18 жас аралығындағы барлығы 100 бала, бірінші және екінші ауысымда ем қабылдап жатыр. Облыс әкімі Асхат Шахаров «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаевамен бірге «Қамқорлық» орталығына барды. Балаларды дамытып, оңалтатын, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау дағдыларын үйрететін бөлмелерді аралап шықты. Ата-аналармен сөйлесіп, балалар мен жасөспірімдердің орталыққа келгенге дейінгі және кейінгі жағдайын білді. Олардың сөзінше, өзгеріс байқалады, әсіресе балалардың сөйлеу, өздігінен әрекет ету және басқа адамдармен қарым-қатынас жасау дағдылары айтарлықтай жақсарған. Кейбір ата-аналар тіпті балаларының мектепке бейімделіп, жаңа білімді тез қабылдай бастағанын атап өтті.
Асхат Шахаров орталық қызметкерлерінің еңбегіне жоғары баға беріп, бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жандандыру қажет екенін айтты.
Еске салайық, орталық Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен құрылды: ғимарат беріліп, аутизмі бар балалардың қажеттілігін ескеріліп, бірегей дизайн-тұжырымдамаға сәйкес жөндеу жүргізілді. Орталықтың жабдықтары әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Жобаның серіктестері – «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қоры толықтай қаржыландырды.