Ақтөбе облысында жайылымдарды қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды

Ақтөбе облысында жайылымдарды қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды

Ақтөбе өңірінде фермерлер мен ауыл тұрғындары арасында алғашқы рет цифрлық форматта сауалнама жүргізілді. Қатысушылардың белсенділігі жоғары болды. Шара болашақ кооперативті талқылау жобасының басты сәтінің біріне айналды.

Жуырда БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) мен Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығының (ҚЭҰҚ) «Климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жайылымдық алқаптарды қалпына келтіруге арналған агролесомелиорация» (GCP/KZK/005/GFF) жобасы аясында Әйтекеби және Мұғалжар аудандарының шаруаларына арналған көшпелі семинарлар мен тәжірибелік көрсетілімдер өткізілді.

Бұған дейін, облыс әкімі Асхат Шахаров бұл бастаманың ерекше маңызын атап өтіп, климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары ауыл шаруашылығының дамуы мен жайылымдардың өнімділігін сақтауымен тікелей байланысты екенін жеткізген еді.

Аралтоғай және Талдысай ауылдық округтерінде жоба сарапшылары жергілікті фермерлермен бірлесіп, еркекшөп пен түйежоңышқа сияқты малазықтық дақылдардың егістігіне арналған тәжірибелік үлгі алқаптарын құрды.

Тұқымдар шаруашылықтар арасында кезектілік принципін ескере отырып, заманауи ауылшаруашылық техникасын, соның ішінде чизельді соқаны пайдалану арқылы ғылыми негізделген әдістемесімен себілді. Бұл жұмыс фермерлердің үлкен қызығушылығын тудырды.

Әртүрлі форматта өткен бұл кездесулерде жайылымдардың тозуын азайтуға және климаттық тұрақтылықты арттыруға бағытталған шаралар талқыланды. Фермерлер, үй шаруашылығының өкілдері, әйелдер мен жастар өз пікірлерін білдіріп, ортақ ұсыныстар жасады.

ФАО мен ҚЭҰҚ өткізген оқыту семинарлары жаңа типтегі ауыл кооперативтерін құру мүмкіндігі арқылы өнімнің қосылған құнын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи технологиялық шешімдерге арналған видеороликтер көрсетті.

Фермерлер мен округ тұрғындары арасында алғашқы рет цифрлық форматта сауалнама жүргізілді. Қатысушылардың белсенділігі жоғары болды. Болашақ кооперативті талқылау жобаның басты сәттерінің біріне айналды.

«Фермерлердің жайылымдарды қалпына келтірудің практикалық әдістеріне қызығушылығы зор екенін көріп отырмыз. Маңыздысы - жергілікті қауымдастықтардың белсенді қатысуы. Бұл бастаманың тұрақтылығы мен әрі қарай дамуының кепілі», - деді жоба сарапшысы.

ФАО мен ҚЭҰҚ-ның Ақтөбе облысындағы жобасы климаттық өзгерістерге бейімделу әлеуметтік-экономикалық дамуымен ұштаса алатынының айқын үлгісіне айналатыны сөзсіз.